"Жас маман мен тәлімгер айлығының" » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жас маман мен тәлімгер айлығының"
24
ноябрь
2020

"Жас маман мен тәлімгер айлығының"

Сабақты зерделеу және оны талдау - мектепішілік бақылаудың бір әдісі. Мектепішілік бақылауда жас мамандармен жүргізілетін тақырыптық, мақсатты және кешенді оқу-әдістемелік жұмыстар кәсіби шыңдалуға бағытталады. 23.11-27.11.2020ж аралығында "Жас маман мен тәлімгер айлығының" жоспарына сәйкес жас мамандардың синхронды сабақтары қашықтан зерделенуде.
24.11.2020ж жас мамандар, тарих пәні мұғалімі А.Қонысбеков пен дене шынықтыру пәні мұғалімі Б.Жұмаштың синхронды сабақтары зерделенді. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, электронды оқулықтарды ұтымды пайдалану, ресурс бойынша сараланған тапсырмаларды жіктеу синхронды сабақтың өн бойында толық жүргізілді. Мақсатты кері байланыс пен формативті бағалау тарих пәнінде схемалық технология бойынша жүргізілсе, дене шынықтыру пәнінде оқушылардың тапсырмаларды орындау ерекшеліктеріне жеке тілектестік сараптама берілді.
Тәлімгерлері: Аманова Г., Титенаев Ж.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: