Жас маман мен тәлімгер айлығы » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас маман мен тәлімгер айлығы
11
ноябрь
2020

Жас маман мен тәлімгер айлығы

Мектепішілік жоспарға сәйкес 11.11.2020ж №185 жалпы білім беретін мектебінде қашықтан "Жас маман мен тәлімгер айлығының" ашылуы өтті. Ашылуы салтанаты ZOOM платформасымен онлайн түрде өтілді.
Айлық жұмыста басшылыққа алынған құжаттар - ҚР 2019 жылғы №293-VI "Педагог мәртебесі туралы" Заңы; ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №160 бұйрығы "Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы".
Мектеп директоры Кержикеева Данагуль Рысбаевна айлық шараны құттықтау сөзімен ашып, тәлімгерлікті ұйымдастыру тәжірибесін зерделеу кезеңдеріне тоқталып, педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары мен нормаларының сақталуына түсініктемелер берді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Қали айлық жоспармен таныстырып, кезеңді іс-шаралардың жүргізілуіне әдістемелік нұсқаулықтар берді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: