10
январь
2025
«Халықаралық зерттеулер: практикалық дағдылар, тапсырмалар. Зерттеулер» тақырыбы оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын қалыптастырудағы практикалық мүмкіндіктерді қарастыруға көзделген.
2025 жылдың 10 қаңтарында Алматы қаласы Білім басқармасының жоспарына сәйкес, №185 мектеп-гимназияның ұйымдастыруымен Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған қалалық семинар өткізілді.
Семинар аудиториясының тақырыбы халықаралық зерттеулерге бағытталып, салыстырмалы аналитикалық зерттеулер мен тәжірибелі педагог-тренерлердің пәндік әзірлемелері сарапталып көрсетілді.
«Халықаралық зерттеулер: практикалық дағдылар, тапсырмалар. Зерттеулер» тақырыбы оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын қалыптастырудағы практикалық мүмкіндіктерді қарастыруға көзделген.
Семинардың кіріспе бөлімінде Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Сағынғалиев Дәурен Наурызбайұлы, Алатау аудандық Білім бөлімінің басшысы Акмурзаева Қарлығаш Медербекқызы халықаралық зерттеулердің маңыздылығына тоқталып, талқысөз жүргізді.
Семинардың оқыту бөлімінде №185 мектеп-гимназияның директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қали Ақыл Самарханұлы қазақстандық білім алушылардың халықаралық зерттеулердегі жіберетін олқылықтары мен кедергілер жайлы сараптамасымен бөлісіп, Финляндия, Сингапур, Оңтүстік Корея, АҚШ, Эстония мемлекеттерінің білім беру бағдарламалары бойынша зерттеулерін фронтальды аудиториялық жұмыспен жүргізді.
Семинардың практикалық бөлімінде №185 мектеп-гимназияның халықаралық зерттеулермен апробациялық жұмыс жүргізетін пән мұғалімдері командасы: Қали Ақыл Самарханұлы оқу сауаттылығының апробациялық көрсеткіштері, Келденов Кайрат Кадирбаевич биология пәнінде ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын қалыптастырудың практикалық аспектілеріне, Жомартова Назым Сейтказыевна химия пәніндегі жаратылыстану сауаттылығының қолданыс мүмкіндіктері, Назар Наргиза Ержанқызы физика - жаратылыстану сауаттылығының негізі, Ауелбекова Гаухар Умурбековна математикалық сауаттылықтың практикалық интенсиві бойынша халықаралық зерттеулердің қолданыс мүмкіндіктерін тәжірибеде көрсетті.
Семинар қорытындысында №185 МГ педагог-психологы Базарғалиева Назерке қатысушылармен тематикалық кері байланыс өткізіп, мектеп басшылары ұйымдастырушыларға жоғары бағалары мен тілектерін білдірді. https://www.instagram.com/reel/DEzXl-jt_KW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==