Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “SMART-оқыту: оқу процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары” тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өткізілді.
07
ноябрь
2024

“SMART-оқыту: оқу процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары” тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өткізілді.

Алматы қаласы Білім басқармасы №185 мектеп-гимназия базасында 07.11.2024 жылы “SMART-оқыту: оқу процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары” тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өткізілді. А санаттағы №185 мектеп-гимназия өз тәжірибелік алаңында халықаралық зерттеулерге негізделген практикалық сабақ құрылымдарын әзірлеу, кіріктірілген сабақтарды Smart құрылымдарға сай ұйымдастыру және практикалық жобалау бойынша озық тәжірибелерімен бөлісіп, зерттеулерін ұсынды.
Семинарға жалпы 50 қатысушы мен “Өрлеу” АҚ Алматы қаласы Кәсіби даму институтының жетекші тренер-сарапшылары А.Ы.Есентаева, Н.Ә.Қарабалаева қатысты.
Тәжірибелік алаң жұмысын Алатау аудандық Білім бөлімінің басшысы Қ.М.Акмурзаева алғы сөзімен ашып, талдама жұмыстарына қатысты. №185 мектеп-гимназия басшысы Д.Р.Кержикеева шет елдік сараптамалық тәжірибелерімен бөлісіп, семинар жұмысын бастады.
Семинар модераторы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Қали халықаралық зерттеулердің практикалық қолданысы мен сараптама көрсеткіштеріне талдау жүргізіп, оқытудағы модульдерді жүйеледі.
Семинардың екінші бөлімі практикалық тәжірибе бөлімінде Т.А.Сарыева, Н.С.Жомартова, Г.У.Ауелбекова, Н.Е.Назар, А.Т.Маукебеков шеберлік сабақтарын көрсетіп, топтық жұмыстарда кейстерді шебер ұйымдастырды.
Семинар сарапшылары “Өрлеу” АҚ Алматы қаласы Кәсіби даму институтының жетекші тренер-сарапшылары А.Ы.Есентаева, Н.Ә.Қарабалаева семинарға жоғары бағаларын беріп, қатысушылармен тиімді кері байланысты ұйымдастырды.
Озық көрсеткен кәсіби тәжірибелері үшін Д.Р.Кержикеева, А.С.Қали, Т.А.Сарыева, Н.С.Жомартова, Г.У.Ауелбекова, Н.Е.Назар, А.Т.Маукебеков Құрмет грамотасымен марапатталды. https://www.instagram.com/reel/DCGirFZNsjL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: