22
октябрь
2025
№185 мектеп-гимназияның базасында «Халықаралық зерттеулердің пәндік салыстырмалы апробациясы: тәжірибеден зерттеуге» тақырыбында математика және жаратылыстану пәндері (химия, биология, физика) мұғалімдеріне арналған қалалық семинар-практикум өтті.
Алматы қаласы Білім басқармасы, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының медиа жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 22 қазанында №185 мектеп-гимназияның базасында «Халықаралық зерттеулердің пәндік салыстырмалы апробациясы: тәжірибеден зерттеуге» тақырыбында математика және жаратылыстану пәндері (химия, биология, физика) мұғалімдеріне арналған қалалық семинар-практикум өтті.
Семинар-практикумға 60 педагог қатысты. Семинар модераторы халықаралық салыстырмалы зерттеулердің тренері, №185 мектеп-гимназияның директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Қали Финляндия, Оңтүстік Корея, Сингапур, АҚШ, Эстония мемлекеттерінің оқыту бағдарламаларының ерекшеліктерін тәжірибелік алаңда сараптап, талдама жасады.
№185 мектеп-гимназияның жетекші тренерлері А.С.Қали, К.К.Келденов, Н.С.Жомартова, Г.У.Ауелбекова, Н.Е.Назар, А.Т.Маукебеков тәжірибелік алаңда жаһандық тақырыптағы зерттеулерін практикада көрсетіп, шеберлік сабақтарын таратты. Халықаралық зерттеулердің критерийлеріне сәйкес көрсетілген практикалық сабақтар топтық форматта орындалып, кіріктірілген сабақтың циклі көрсетілді. Халықаралық зерртеулердің талаптарына сәйкес практикалық сабақтар жағдаят, эксперимент, бақылау, зерттеу жобаларын толық қамтып, тренерлердің әдістемелік авторлық модулі таралды.
ҚББЖТҒӘО әдіскерлері Б.Б.Алимбекова, Н.Б.Жакыпова PISA халықаралық зерттеулерінің стратегиялық көрсеткіштеріне талдама жүргізіп, семинар-практикумға фронтальды қорытынды жасады.
Семинар-практикумға қатысушылар мақсатты кері байланыс жасап, өткізілген іс-шараға жоғары бағаларын берді.
Жоғары деңгейдегі тәжірибелік шеберліктері үшін А.С.Қали, К.К.Келденов, Н.С.Жомартова, Г.У.Ауелбекова, Н.Е.Назар, А.Т.Маукебеков Құрмет грамотасымен марапатталды. https://www.instagram.com/reel/DQJWKjpjfEo/?igsh=aTd1OXY0N3FkM3c2