21
ноябрь
2025
“Инновационные педагогические стратегии и тактики обучения:
Алматы қаласы Білім басқармасы, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 21 қарашада №185 мектеп-гимназияда “Инновационные педагогические стратегии и тактики обучения: функциональная грамотность, ценности, цифровизация» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне қалалық семинар-практикум өтті.
Семинарға арнайы орыс тілі мен әдебиеті пәні оқулықтарының авторлары педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Х.Салханова, педагог-шебер Ж.К.Пралиева мен “Көкжиек” баспасының академиялық директоры Г.Г.Бекжановалар келіп, сараптамадан өтетін оқулықтардың таныстырылымын көрсетті.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Қали орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мазмұндық мақсаттарының интеграциялануы бойынша зерттеулерімен бөлісті.
Педагог-зерттеушілер Г.И.Аманова, А.Ж.Чалова практикалық бөлімде пәнаралық байланыстың деңгейлерін тәжірибеде ұсынып, шеберлік сабақтарын көрсетті. Педагог-зерттеуші М.Н.Абильмажинова мақсатты кері байланысты жүргізіп, семинардық практикалық маңыздылығына сараптама жасады.
Семинарға қатысушылардан жоғары баға беріліп, мектеп-гимназия базасына “Көкжиек” баспасынан оқулықтар сыйға тартылды.
Қалалық семинар практикумды ұйымдастырып, жоғары кәсібиліктері үшін А.С.Қали, Г.И.Аманова, А.Ж.Чалова, М.Н.Абильмажинова Құрмет грамотасымен марапатталды. https://www.instagram.com/reel/DRWVpd-DOtN/?igsh=MXMwdnRneXM3OTA5