05
декабрь
2025
“PIRLS халықаралық зерттеуі аясында 4-сынып білім алушыларымен оқу сауаттылығы контекстінде мәтіндермен жұмыс” тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне қалалық семинар-практикум
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2025 жылдың 3 желтоқсанында №185 мектеп-гимназияда “PIRLS халықаралық зерттеуі аясында 4-сынып білім алушыларымен оқу сауаттылығы контекстінде мәтіндермен жұмыс” тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне қалалық семинар-практикум өткізілді. Семинардың мақсаты – бастауыш мектеп білім алушыларының оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған тиімді педагогикалық тәсілдерді ұсыну, PIRLS зерттеуінің өлшемдері мен тапсырмаларына сәйкес мәтіндермен жұмысты ұйымдастыру тәжірибесін тарату.
Семинарға Алматы қаласының 32 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
ҚББЖТҒӘО «Бастауыш білім беру» бөлімінің жетекшісі А.И.Касымбаева кіріспе сөзде «PIRLS халықаралық зерттеуінің салыстырмалы көрсеткіші: талдау, сараптама» тақырыбында аналитикалық талдама жүргізді.
№185 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімдері Н.Б.Құрманбек, М.С.Курманова, С.А.Мырзаханова, И.Л.Сыдыкова, П.С.Смагулова, К.Т.Тыныштыкбекова, Б.З.Умирбаева, Г.Н.Калыгулова., А.К.Ахметова, С.С.Мырзақұл PIRLS зерттеуі бойынша зерттеу жұмыстарын тәжірибелік алаңда көрсетіп, шеберлік сағаттарын өткізді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Қали «Оқу сауаттылығының дағдылы көрсеткіштері: мәтінтаным, перспективалар» тақырыбында зерттеулерін таратып, оқу сауаттылығын дамытатын стратегияларды ұсынды.
Қатысушылар топтық жұмыс форматында PIRLS үлгісінде тапсырмалар әзірлеп, оларды оқыту процесіне бейімдеу бойынша пікір алмасты. Семинар соңында педагогтер оқу сауаттылығын дамыту бағытында әдістемелік ұсыныстар мен тапсырмалар топтамасын алды.
Іс-шара оқу сауаттылығын бағалаудың халықаралық талаптарын түсіндіруге, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Кәсіби шеберліктері мен тәжірибелері үшін А.С.Қали, Н.Б.Құрманбек, М.С.Курманова, С.А.Мырзаханова, И.Л.Сыдыкова, П.С.Смагулова, К.Т.Тыныштыкбекова, Б.З.Умирбаева, Г.Н.Калыгулова., А.К.Ахметова, С.С.Мырзақұл басқарманың Құрмет грамотасымен марапатталды.
https://www.instagram.com/reel/DR4FDo4jU6u/?igsh=MWVuMWc5NjFsdHdtMA==