Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үздік сынып жетекші» байқауы
18
февраль
2026

«Үздік сынып жетекші» байқауы

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында«Сапалы тәрбие – саналы ұрпақ» тақырыбында 1–11 сынып жетекшілері арасында мектепішілік «Үздік сынып жетекші» байқауы өткізілді.

Байқау 5 кезең бойынша ұйымдастырылып, әр кезеңде ұстаздардың кәсіби шеберлігі, тәрбие жұмысын жүйелі жоспарлау қабілеті, шығармашылық ізденісі, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдануы және оқушылармен тиімді қарым-қатынас орната білу дағдылары бағаланды.

Іс-шараның мақсаты – сынып жетекшілерінің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау, тәрбие жұмысындағы озық үлгілерді насихаттау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және тұлғалық дамуы жоғары, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген саналы ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу.

Байқау барысында қатысушылар өздерінің тың идеяларын ұсынып, тәрбиелік жобаларын қорғап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Мұндай кәсіби алаң ұстаздардың өзара тәжірибе бөлісіп, тәрбие жұмысының сапасын арттыруына зор ықпал етеді.

Сапалы тәрбие – жарқын болашақтың кепілі!

https://www.instagram.com/reel/DU5v-bnCNV9/?igsh=Y2Yxem1jdDMyZTF4

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: