Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Бастауыш білім алушыларының жаратылыстану сауаттылығы аспектісінде зерттеу дағдыларын тәжірибеде қолдану” тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді.
01
май
2026

“Бастауыш білім алушыларының жаратылыстану сауаттылығы аспектісінде зерттеу дағдыларын тәжірибеде қолдану” тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді.

Алматы қаласы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мен “Өрлеу” ҰО Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының келісілген жоспарына сәйкес 2026 жылдың 29 сәуірінде №185 мектеп-гимназия базасында орта білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған “Бастауыш білім алушыларының жаратылыстану сауаттылығы аспектісінде зерттеу дағдыларын тәжірибеде қолдану” тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді.
Семинарға 40-қа жуық бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
ҚББЖТҒӘО бастауыш білім беру бөлімінің жетекшісі А.Касымбаева семинардың кіріспе бөлімінде TIMSS зерттеуінің тематикалық ерекшеліктеріне сараптама жасаса, “Өрлеу” ҰО Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға тренері Н.Карабалаева зерттеудің оқу бағдарламасындағы мақсаттармен берілудегі құрылымдарына талдама жүргізді.
Халықаралық зерттеулер тренері, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақыл Самарханұлы TIMSS зерттеуіндегі жаратылыстану сауаттылығының дағдылық көрсеткіштерін деңгейлі сатылап, тапсырмалардың құрылымдық жүйесіне талдама жасады.
Бастауыш сынып мұғалімдері М.Курманова, Ж.Есенбаева, Ж.Омарбаева, М.Байшымырова, Ф.Байжанова, Г.Колхаева, Ж.Туманшиева, И.Әбілез, Ф.Исабекова семинардың практикалық бөлімінде жаратылыстану сауаттылығының дағдылық көрсеткіштерін тәжірибелік алаңда көрсетіп, қолдану/синтез деңгейіндегі тапсырмалармен жұмыстың тәжірибелерін авторлық зерттеулерімен таратып, озық зерттеулерімен бөлісті.
https://www.instagram.com/reel/DXzVEgoIzed/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: