01
май
2026
“Оқу сауаттылығы мәнінде пәнаралық байланыс: мазмұн мен тәжірибе” тақырыбында республикалық семинар-практикум өтті.
ҚББЖТҒӘО мен “Өрлеу” ҰО Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының келісілген жоспарына сәйкес “Оқу сауаттылығы мәнінде пәнаралық байланыс: мазмұн мен тәжірибе” тақырыбында республикалық семинар-практикум өтті.
Қазақ тілі секциясына 60-қа жуық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
ҚББЖТҒӘО әдіскері Б.Шанкереева кіріспе бөлімінде оқу сауаттылығының аналитикалық талдамасын жасап, семинар жұмысын бастады.
“Өрлеу” ҰО Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға тренерлері А.Есентаева, Г.Байболова пәнаралық сабақтастықтағы оқу сауаттылығының ерекшеліктеріне талдама жасады.
Халықаралық зерттеулер тренері, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Қали оқу сауаттылығының дағдылық көрсеткіштеріне сараптама жүргізіп, мазмұнмен жұмыстың деңгейлеріне зерттеулерімен бөлісті.
№185 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Н.Базаркулова, Л.Дегенбаева, Ж.Байбураева, Э.Байкушукова, Г.Олжабаева, Г.Жолаева, М.Алибаева оқу сауаттылығының пәнаралық интеграцияда қолдануын тәжірибелік алаңда ұсынып, зерттеу жұмыстары мен әдістемелік әдіс-тәсілдерін шеберлік сабақтарымен көрсетті.
https://www.instagram.com/reel/DX1TcpYOJwC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==