Денсаулық – зор байлық! » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Денсаулық – зор байлық!
16
сентябрь
2021

Денсаулық – зор байлық!




Денсаулық – зор байлық
Денсаулық ауадан аумайды, барында кім оны аңдайды.
Халық мақалы.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Шынында да, қазақ "Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі" деп бекер айтпаса керек. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру - біздің міндетіміз.
Биылғы 2021-2022 оқу жылы дәстүрлі оқыту форматына көшуіне байланысты, санитарлық талаптарды сақтай отырып, №185 ЖББ мектеп оқушылары күнделікті келіп білім алуда. Таңертең оқушылардың температурасы өлшеніп, бетперде кию тәртібі мен уақытылы ауыстырылып отырылуы, сыныптағы кварц режимінің орындалуы қатаң қадағаланады.
Мектебіміздің медбикесі М.Якупова және №29 емхананың балалар дәрігері Г. Есмагамбетова барлық оқушыларды аралап, олардың денсаулық жағдайларын бақылады. Тазалық пен сақтық шараларын дұрыс орындау, денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерден аулақ болуылары, қазіргі эпидемиологилық жағдайда барынша сақ жүрулері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: