"Сыңғырла соңғы қоңырау" » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сыңғырла соңғы қоңырау"
25
май
2022

"Сыңғырла соңғы қоңырау"

№185 жалпы білім беретін мектебімізде 25.05.2022ж. күні "Сыңғырла соңғы қоңырау" атты мектеп бітіруші түлектерге соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті.
Құрметті жас түлектер!
Соңғы ҚОҢЫРАУ сыңғыры үнімен балдәурен балалықтарың артта қалып, жауапкершілігі мол азаматтық биікке көтерілетін кез жетті. Өз өмір айдындарыңды қалап алуларыңа тура келеді. Өмірге алар жолдамаларың жолдарыңның ашық болуына сеп болсын. Ел ертеңі, ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жастары сендерсіңдер. Сондықтан да қай салада жүрсеңдер де жауапкершілікті терең сезініп, әрқашан сенім биігінен шығуларыңа тілектеспіз.

Мойытпасын қиындықтар сендерді.,
Батылдықпен асыңдар сан белді,
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді!!!
Сәт - сапар сіздерге. Ұлттық біріңғай тестіде жоғарғы көрсеткішке ие болыңыздар, жоғарғы оқу орнына түсулеріңізге тілектеспіз.
Ақ жол сіздерге, қанаттарыңыз талмасын, жас түлектер!
https://www.instagram.com/p/CeBfGC1Ds9Z/?utm_source=ig_web_copy_link​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: