"АЛТЫН БЕЛГІ" үміткерлерін соңғы қоңырау мерекесімен құттықтау » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "АЛТЫН БЕЛГІ" үміткерлерін соңғы қоңырау мерекесімен құттықтау
25
май
2021

"АЛТЫН БЕЛГІ" үміткерлерін соңғы қоңырау мерекесімен құттықтау

Думанды дүбір ән жырлы
Жайқалған өмір жас бағы.
Мінеки, тағы бір жылды
Сырғытып артқа тастады.
Ұстаздардың – жаны нұр,
Шаттық күйін бөліскен.
Аяқталды тағы бір
Оқу жылы жеміспен.
Қадірменді әлеумет, қымбатты ұстаздар, құрметті оқырман, ата -аналар және оқушылар!
Міне , тағы бір оқу жылы артта қалды. Тардай болып кірген балапандарымыз, таудай болып арман қуып мектебімізден ұшып барады.
Осы айтулы күні Алатау ауданы әкімі Азамат Бескемпірұлы Қалдыбеков Алатау ауданының " Алтын белгі" үміткерлерімен онлайн кездесіп , соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, ата - ана үмітін арқалап, ұстаз сенімінен шыққан түлектерге алдағы болатын сынақтан сүрінбей өтіп, мемлекеттік грантты жеңіп алуларына, әркез жолдары ашық болуларына тілектес екенін айтып өтті.
Сонымен қатар Алатау білім бөлімі бастығы Акмурзаева Қ.М үлкен өмірге қанат қаққалы отырған түлектерге қанаттары талмауын, тек биіктерден көрінуін, жоғары оқу орнына түсіп, абыроймен аяқтап, мықты маман иесі болуын айтып, жылы лебізімен бөлісті .

 Бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін - армаңдарыңа сүрінбей жетіңдер

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: