«Оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру» » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру»
12
май
2023

«Оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру»

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Ғылыми—әдістемелік кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған шығармашылық туынды «Оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру»тақырыбында жарық көрді. Еңбек әдістемелік ұсыным ретінде оқырман назарына ұсынылады. Авторлары: №185жалпы білім беретін мектептің ұстазы Үркімбаева Айгүл Рақымбайқызы және Алматы қаласы филиалының Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері Ибрагимов Д. Қ.
Әдістемелік ұсынымда конструктивті ойлар, оқушыларды дамыту іс—тәжірибесі нақты мысалдармен суреттелген.Жұмыс білім ошағында жылдар бойы қалыптасқан шығармашылық еңбектердің ұйымдастыру, жоспарлау, бақылау барысындағы нақты практикалық тәжірибесін сипаттайды. Тәжірибелі ұстаздың еңбегіне Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері п. ғ. к., доцент Алимов А. Х., мектеп директоры Данагүл Рысбайқызы да жоғары баға беріп, ой-пікірлерін қосқан. Мектеп мұғалімдерінің жас ұрпақтың зерттеу дағдыларын қалыптастырудағы іс—тәжірибелерін саралап, сатылап жинақталған шығармашылық еңбек өз оқырманын табады деп сенеміз! Өз кезегінде ҚР оқу—ағарту министрлігінің Құрмет грамотасының, ҚР Президентінің «ҚР Тәуелсіздігіне —30жыл» медалінің иегері Үркімбаева Айгүл Рақымбайқызын еленген еңбегімен құттықтаймыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: