"Жас маман мен тәлімгер айлығы" » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жас маман мен тәлімгер айлығы"
02
декабрь
2020

"Жас маман мен тәлімгер айлығы"

Синхронды оқыту - виртуалды сыныпқа ұқсас, топтық сөйлесулер, веб-семинарлар, бейне конференциялар сияқты мультимедиялық компоненттер қашықтан/онлайн қолданылатын оқыту құрылымы. №185 жалпы білім беретін мектебінің әкімшілігі "Жас маман мен тәлімгер айлығы" жоспарына сәйкес 23.11-27.11.2020 аралығында жас мамандардың синхронды сабақтарын зерделеу апталығын өткізді. Апталықта тәлімгерлер корпусы өз тәжірибелерін ортаға салып, жас мамандарға әдістемелік кеңес-көмектерін көрсетті. Жас мамандар "Сфера", "Online mektep/Zoom" білім беру платформасымен синхронды сабақтарын жоғары деңгейде өткізді. Апталық аясында жас мамандар ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашыл, жаңашыл екендерін көрсетіп, тәлімгерлерінің педагогикалық бағыт-бағдарларын жалғастырушы екендерін дәлелдеді.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: