" Ел болашағы- жастар " » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " Ел болашағы- жастар "
27
февраль
2021

" Ел болашағы- жастар "

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың" Тыңдаушы мемлекет " тұжырымдамасын іске асыру мақсатында осы апта 185 жалпы білім беретін мектептің директоры Данагуль Рысбаевна 10-11 сынып оқушыларының ата - аналарымен онлайн кездесу өткізді . Кездесудің тақырыбы: " Ел болашағы- жастар " деп алынды.Бұл кездесуде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А С.Қали жалпы ҰБТ тапсыру ережелері мен жаңа өзгерістер жайлы ата - аналарға толық қанды ақпарат берді. Және Жанкушков Бауыржан Оразаевич
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Педагогика және психология институтының маркетинг бөлімінің жетекшісі аға оқытушы, педагогика ғылымдар магистірі бүгінгі кездесудің қонағы болып, жоғары орыны жайлы , алда түлектерге бөлінетін грант орындары жайлы мағлұмат берді. Сонымен қатар жиналысқа мектеп психологы Жарылқапова Назыгүл Сапарбайқызы " Отбасы бақыты" тақырыбында ата - аналарға тренинг өткізді. Бұл тренингте ата - аналарға балаларын қаншалықты біледі, қаншалықты жақын қарым - қатынаста екенін білу мақсатында қарапайым баласы жайлы сұрақтар қойылды.


Сұрақтар
1) Наурыз айында болатын тест, оқудың ақылы бөліміне ме?
2) 1-наурыздан бастап мектептер ашылады ма?

Ұсыныстар
1) Қазіргі уақыттан бастап электронды түрде болатын ҰБТ-ға осы бастан электронды түрде дайындық жүргізілсе

2) Мектептің ер мұғалімдері балаларға түсіндірме жұмыстарын, жиналыстарын жүргізсе

Барлық ата - аналар сұрақтарға толық қанды жауап алды . Кездесу өте нәтижелі өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: