Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шығыс елдерінің үздік тәжірибесінен – біздің мектептерге!
07
октябрь
2025

Шығыс елдерінің үздік тәжірибесінен – біздің мектептерге!

Шығыс елдерінің үздік тәжірибесінен – біздің мектептерге!
#185 мектеп-гимназияның математика пәні мұғалімі Ауэлбекова Гавхар Умурбековна мен физика пәні мұғалімі Назар Наргиза Ержанқызы Оңтүстік Корея, Жапония және Сингапур елдеріндегі тағылымдамадан кейін мұғалімдерге арналған «STEM, STEAM және STREAM технологиялары арқылы заманауи білім беру» тақырыбында шеберлік семинар өткізілді.
Семинар барысында:
– Шығыс елдерінің білім беру жүйесіндегі инновациялық тәсілдер таныстырылды;
– STEM, STEAM және STREAM технологияларының айырмашылығы мен өзара байланысы талқыланды;
– Практикалық бөлімде мұғалімдер өз сабақтарына шығармашылықпен ендіруге болатын шағын STEM-тәжірибелер орындады;
– STREAM бағытының негізінде ғылым, технология, инженерия, өнер және математика пәндерін кіріктіріп оқытудың нақты үлгілері көрсетілді.
Мақсат – мұғалімдердің XXI ғасыр дағдыларына негізделген оқыту тәсілдерін жетілдіру, халықаралық тәжірибені қаламыздағы мектептер тәжірибесіне бейімдеу.
Семинар соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз сабақтарында STEAM элементтерін қолдануға шабыттанды. https://www.instagram.com/reel/DPgeZOjiPK_/?igsh=dHM2YTNudzFpNHRr

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: