«Әліппе» оқу бағдарламасы бекітілді » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әліппе» оқу бағдарламасы бекітілді
02
ноябрь
2020

«Әліппе» оқу бағдарламасы бекітілді

📚«Әліппе» оқу бағдарламасын тілтанушы ғалымдар, әдебиеттанушылар, әдіскерлер мен педагогтер әзірледі, сондай-ақ осы бағытта үлкен тәжірибесі бар өткен жылдардағы «Әліппе» бағдарламалары мен оқулықтарының авторлары да тартылды.📚Оқу бағдарламасын әзірлеуде қазақ халқының белгілі ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізге алынды.

📚Енді 2021-2022 оқу жылынан бастап бірінші сынып оқушылары алғашқы екі тоқсанда «Әліппе», ал үшінші және төртінші тоқсанда «Ана тілін» оқитын болады.

📚Сондай-ақ орыс тілінде білім алатын бірінші сынып оқушылары жаңа оқу жылынан бастап алғашқы екі тоқсанда «Букварь», ал үшінші және төртінші тоқсанда «Обучение грамоте» пәндерін оқитын болады.

📚«Букварь» оқулығын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы да өз жұмысын аяқтап, оқу бағдарламасы бекітілді. Енді бұл оқулық бойынша да апробация жүргізіледі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: